Ақордада АЭС салуға қатысты мәселелер талқыланды
Бүгін Ақордада елімізде атом электр стансасын салу мәселесі талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Бас директорын қабылдады. Кездесуде техникалық саладағы ынтымақты нығайту жұмысы да сөз болды. Рафаэль Гросси ядролық қарудан бас тарту және оны таратпау бойынша Қазақстанның рөлі жоғары екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Сіздің сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды дамыту тұрғысынан дер кезінде жасалып отырғанына сенімдімін. Қазақстан үшін Агенттікпен жұмыс істеудің мәні зор. Аса маңызды құрылымның басшысы ретіндегі Сіздің қызметіңізді қолдаймыз және жоғары бағалаймыз.
Рафаэль Гросси, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры:
Біз түрлі салада көп істі бірге атқарып келеміз. Денсаулық сақтау саласынан бастап ядролық энергетиканы дамытуға қатысты болашақ бағдарламаңызға дейін көптеген мәселе бойынша сізбен пікір алмасатыныма өте қуаныштымын.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15