Петропавлда сепаратистік ұйым белсенділері қамалды
Бүгін Петропавлда сепаратистік ұйымның үш белсенді мүшесі қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетсек, 19 наурыз күні облыс орталығындағы колледждердің бірінде жиын өткізген бір топ адам, «Халық кеңесін» құрып, өздерін елден егемен ұйым ретінде жариялайтынын айтқан. Басқосуда түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап, қоғамдық резонанс тудырды. Облыстық прокуратурада өткен брифингте айтылғанындай, қазір күдіктілерге қатысты сепаратизм бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергелуде. Құзырлы органдар өкілдері ұйымның қалған мүшелері қатаң бақылауда екенін, айыптылар жауапкершіліктен сытылып кетпейтінін жеткізді.
Максим Доровик, СҚО прокуратурасының аға прокуроры:
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен өткен сараптаманың қорытындысына сәйкес сепаратизм белгілері анықталды. Күдіктілер ҚР Қылмыстық- процессуалдық Кордексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл – ауыр қылмыстар санатына жатады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15