Алматыда шекарашылар даярлайтын орталық ашылды
Алматыда жылына 300-ге жуық шекарашы даярлайтын арнайы оқу орталығы ашылды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара акалдемиясының аумағында бой көтерген нысан АҚШ пен Қазақстанның біріккен жобасы. Онда офицерлер де даярланбақ. Мақсат - шетелден заңсыз кіретін контрабанданы тоқтатуға қауқарлы, есірткі айналымына шектеу қоятын, сырттан төнетін қауіпке тойтарыс беретін мықты жауынгерлерді тәрбиелеу.
Владимир Шин, ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау кафедрасының меңгерушісі:
Бұл орталықта 9 мамандарылыған сыныптан тұратын оқу корпусы бар. Соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Сондай-ақ алыс-жақыннан келіп оқиытындар үшін жатын орын да қарастырылған.
Орталық «Таулы-Қырат» шекарашылар қалашығында орналасқан. Онда қазір әуеде, құрлықта және суда шекара күзететін жауынгерлердің жаттығуы үшін бар жағдай жасалған.
Даниел Розенблюм, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және Өкілетті елшісі:
Орталық Азияда баламасы жоқ нысанда көршілес Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан сынды елдердің де шекарашылары келіп біліктілігін арттырады. Сондай-ақ олар жергілікті шекарашылармен тәжірибе алмасады. Бұл Қазақстанның қорғаныс күштері үшін өте ұтымды болмақ.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03