Екібастұз әкімі ЖЭО басшысын сотқа берді
Екібастұздың ЖЭО-на орталығына қатысты да осы аптада бір жаңалық шықты. Екібастұз әкімі Аян Бейсекин монополисті сотқа беріп, одан 22 млн теңге талап етіп отыр. Осылайша, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС -не қыста бюджеттен берілген 22 млн теңге қаржыны қайтартпақшы.
Өткен жылдың 27 қарашасында шаһардың жылу желілерінде ақау шығып, жылу электр орталығындағы қазандықтар істен шыққанда монополист компания көмекке жүгінген еді. Сонда аймақтардың коммуналдық шаруашылықтары қол ұшын созды. Ал оларды жанар-жағармай, ыстық тамақ, жататын орынмен қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар резервінен қаржы бөлінді. «Екібастұзжылуэнерго» енді бұл қаржыны қайтарудан бас тартқан көрінеді.
Гүлжан Зарлықова, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары:
Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта іс қаралып жатыр. 22 млн. теңге төтенше жағдай салдарын жою үшін берілген. Бұған дейін «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-і бұл мәселені медиациялық тәртіппен шешуден бас тартқан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді
16.08.2026, 20:17
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:04
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 18:37
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 18:06