Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
19 тамызда «Баян Сұлу» АҚ Қостанай қаласында «Кондитерлік астана» жаңа технологиялық өндірістік кешенін таныстырады. Құны 14 млрд теңгеден асатын инвестициялық жоба кәсіпорынның өндірістік қуатын жылына 16,6 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа өндірістік желілер толық қуатына шыққан кезде компания жылына 68 мың тоннаға дейін кондитерлік өнім өндіре алады.
Жаңа кешенде бисквит өнімдері мен печенье өндірісінің көлемі ұлғайтылады. Сонымен қатар отандық ауыл шаруашылығы шикізатын, оның ішінде ұн мен сірнені өңдеу көлемін арттыру көзделген.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 260 жаңа жұмыс орны ашылады. Компанияның мәліметінше, өндірісті кеңейту отандық кондитерлік өнім көлемін арттыруға, қазақстандық шикізатты терең өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорын экспорттық әлеуетін күшейтуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы