Бала туу мен өлімді тіркеуге дейінгі мемлекеттік қызметтер ақылы болуы мүмкін
Енді баланың тууын мемлекеттік тіркеуден бастап, өлімді тіркеуге дейінгі қызметтердің бірқатары ақылы болуы мүмкін. Қазіргі таңда осындай ұсынысқа қатысты қоғамдық талқылау жүріп жатыр. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы жекелеген жұмыстардың бағасы да белгіленген. Барлығы да 10 мың теңгеге дейін. Мысалы, құжатқа сәйкес, баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде, неке қиюды тіркеу үшін, өзара келісім бойынша некені бұзу кезінде және өлімді мемлекеттік тіркеу кезінде баж салығы төленеді.
- Өлейін деп жатқан адамға не деп ақы төлейді. Жуады, тарайды неге ақы төлейді?! Ақы төлемейді. Төлеу мүмкін емес.
- Қазір тегін нәрсе жоқ қой. Тіпті кейбір кезде фотолары ұнамай қалып жатады төлқұжаттағы өтірік жоғалтып, өтірік жыртып деген секілді. Ол да біраз шығын ғой үкіметке. Сондықтан дұрыс қараймын.
- Туу туралы куәлікті үкімет беру керек қой. Паспорт мақұл сатып ал. Төлқұжатты тегін қылмады ма басында, соның бір түрі емес пе бұл?
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09
Азия ойындарының әзірлігі аяқталып келеді
18.09.2026, 10:08
ЕО-ның 27 елінде жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынуы мүмкін
18.09.2026, 10:07
Ғабит Мүсірепов театры 80 жылдығын Көктөбеде атап өтті
18.09.2026, 10:06
«Жасмин мен Балу» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2026, 10:04
Қостанайда Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
18.09.2026, 10:01
Ақмола облысында жолаушылар пойызы 13 бас ұсақ малды қағып кетті
18.09.2026, 10:01
Қазгидромет: Қазан айы жылы болады
18.09.2026, 10:00