Басты Жаңалықтар Таразда жылу мекемесінің қаржысын жымқырғандар сотталды

Таразда жылу мекемесінің қаржысын жымқырғандар сотталды

Тараздың жылу мекемесінің қаржысын жымқырды деп айыпталған күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. 2,8 млрд теңгені қолды қылды деген сегіз адам енді 1 жылдан 9 жыл аралығын темір торда өткізеді.

Олар тариф төлемдерінен түскен ақшаны өзге компания шотына аудару арқылы алып келген. Сондай-ақ тарифтерді заңсыз көтеру, монополиялық табыс табу бойынша да кінәлі деп танылды. Ал қылмыстық топ серкесі жалған компанияға жетекші қылып өз ұлын тағайындаған. Сөйтіп әкелі-балалы кәсіпкерлер «Тараз Энерго Орталығының» табысын 2 жыл бойы қаржылық құйтырқылықпен қалтаға басады. Осы үшін ұлы 9 жыл арқалады. Ал әкесі үкім шығар алдында үй қамақтан қашып кеткендіктен әлі күнге ұсталмай жүр. Сондықтан сот оған сырттай үкім шығармай, ұсталғанын күтпек. Ал сыбайлас болды деген тағы 7 адам «заңсыз шот-фактура жазу», «мүлікті қолды ету» деректерімен жаза арқалады.

Айдарбек Замбаев, облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Қылмыстық іс бойынша АО ТЭЦ-тің главный бухгалтері Сайдашоваға 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бүгінгі күні қарыз өтелмеді деп сот есептейді. 1 млрд 900 млн тг сұраған. 1 млрд 400 көлемінде өндірілді.

Данияр Әлімқұл


Бөлісу