Түркиялық өнертанушылар: Дінаралық келісімді сақтау қашанда маңызды
Дінаралық келісімнің қоғам тыныштығын сақтауда маңызы зор. Осы ретте Қазақстанда өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің орны ерекше. Ыстамбұлда өткен халықаралық жиында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Басқосуға әлемнің әр түкпірінен дін қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Астанада өткен жетінші діндер съезінің 35 тармақтан тұратын Декларациясында көтерілген мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы татулықты сақтаудың маңыздылығы айтылды.
Болат Сәрсенбаев, Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы:
Съезде көтерілген ауқымды мәселелерді осылай шетелдік сарапшылармен талқылап, жүзеге асыру жайын пысықтап отырамыз. Біз осы съезд арқылы бүкіл әлемге Қазақстанның қандай бейбіт саясат ұстанатынын және бағытының айқын екенін көрсетеміз.
Дженгиз Томар, Ислам тарихы, өнері және мәдениетін зерттеу орталығының бөлім басшысы:
Біз үшін мұндай жиындар өте маңызды. Біріншіден саясаткерлер діни адамдардың, имамдардың, профессорлардың дінаралық толеранттық қалай болуы керек деген ой-пікірлерін алады. Бұл ұсыныстарды біз басшыларға, парламенттерімізге жібереміз.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06