Көкшетауда жалғыз өзі 13 баланы тәрбиелеп отырған батыр ана тұрады
Көкшетау қаласында жалғыз өзі он үш баланы тәрбиелеп отырған батыр ана тұрады. Ол кезінде жұбайымен бірге әртүрлі ұлттан қамқоршысыз қалған жеті бүлдіршінді асырап алып, бауырына басқан. Кейін шаңырақтың отағасы ауыр науқасқа шалдығып, дүниеден өткен. Әу бастан-ақ көпбалалы жанұя болуды армандаған абзал ана отбасының қамы үшін аянбай еңбек етіп жүр. Қазіргі уақытта татар, орыс, украин балалары тату-тәтті бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатыр. Үйдің үлкендері үй шаруасына көмектесіп, өзінен кейінгілеріне қамқор болса, кішілері аға-әпкелерін құрмет тұтады.
Құралай Жұмабекова, көпбалалы ана:
Бәріміз тату-тәтті тұрып, салт-дәстүрлердің барлығын сақтап, бір-бірімізге көрсетеміз. Соның бәрін ұмытпау үшін. Балаларға бәрін айтып отырамын. Үйдің ұйытқысы осы балалар. Жамандық көрмесін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06