Ақтөбе облысында кен орнында болған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбе облысында Жаңажол кен орнындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал күйік шалған төрт жұмысшы түстен кейін санавияциямен облыс орталығына жеткізілді. Жағдайлары тұрақты.
Естеріңізге салсақ, кеше «Си-Эн-Пи-Эс Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамының нөмірі екінші газ өңдеу зауытында өрт шыққан еді. Ол жерде 20 тонналық 5 цистерна жанған. Өртті сөндіруге 9 техника мен 60 маман жұмылдырылып, жарылыстың болуына жол берілген жоқ. Олар тілсіз жауды бүгін таңғы 6:20-да ғана толықтай сөндірді. Оқиға орнына өңір басшысы барды.
Марғұлан Аманбаев, облыстық ТЖБ бастығы:
Өрт қауіпсіздігін сақтамаған деген бабпен қылмыстық іс қозғалып отыр.Қазір, біріншіден ауруханадағы кісілердің сауығып кетуін тілейміз. Содан кейін осы жерге не үшін барды, қалай барды және өрттің шығу себептері анықталатын болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53