Елде мүгедектікті растау жеңілдей түспек
Енді мүгедектікті растау жеңілдей түспек. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қағаз көтеріп, түрлі мекеменің табалдырығын тоздырудың қажеті болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатқан заң жобасында осындай жеңілдіктер бар. Бүгінде сал ауруына шалдыққан баладан бастап, 1-2 топтағы мүгедектерге дейін әр 2-3 жыл сайын еңбекке қабілетсіздігін дәлелдеу үшін медициналық тексерістен өтуі қажет. Ерекше жандар сол аралықта денсаулығы бір қалыпқа түсіп кетпейтінін айтып, қағазбастылықтан арылтуды сұрап келеді.
Бейбіт Есенбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп екі жыл бойы пилоттық жобаны іске асырып келеміз. Бүгінде қағаз түрінде ұсынылуы қажет бірқатар құжат санын қысқарттық. Таяуда медициналық-әлеуметтік сараптама құрылымдарына тікелей барудың қажеті болмайды.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03