Алматыдан ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланған
Алматыдан ұшақ экипажының 4 мүшесі астан уланған. Ресми мәліметтерге сүйенсек, «Алматы-Астана», «Астана-Алматы» және «Алматы-Семей» рейстерінде қызмет атқарған борт серіктер өздерін жайсыз сезініп, үшеуі ауруханаға түскен. Біреуі үйінде емделуді жөн санапты. Қазір олардың жағдайы жақсы. Осы жайтқа қатысты тамақпен қамтамасыз ететін мекеменің цехында тексеріс жүргізілген. Санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталып, 1600 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен, санитариялық-эпидемиологиялық департамент өкілдері экипаж мүшелерінің нақты борттағы тамақтан уланғанына күмән келтіріп отыр.
Ақмарал Рамазанқызы, ДСМ Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы:
Барлық қажетті талдаулар жүргізілді. Талдаулар нәтижесі бойынша теріс нәтиже алынды. Олар қолданған тамақ өнімдерінің барлығынан ешқандай оң нәтиже шыққан жоқ. Осыған байланысты борттық тамақтан улануды осы аталған тамақтандырумен байланысты емес деген тұжырым шығардық.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08