Елде конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат берілді
Енді конструктор-көліктерді де заңдастыруға болады. Үкіметтің арнайы қаулысы шықты. Мұндай көлік құралдарын бастапқы тіркеуге алым мөлшерлемесі – 200 мың теңге. Тіркелу үшін ішкі істер органы берген тексеріп-қарау актісі мен техникалық диагностикалық карта болуы шарт. Автокөлікті заңдастыру өтінішін Еgov қызметтері мен екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Елге қосалқы бөлшек ретінде әкелінген және кедендік тазартудан өтпеген көліктердің меншік құқығын өзгертуге тыйым салынған. Олар тек Қазақстан аумағында пайдаланылады. Акция басталғалы Республикада 107 мыңнан аса көлік заңдастырылды. Елде 14 мыңға жуық конструктор-көлік анықталған.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06