Елімізде электросамокаттар үшін арнайы заң әзірленді
Самокаттар үшін арнайы заң әзірленді. Былтыр электросамокаттардың қатысуымен 43 жол көлік оқиғасы болып, 1 адам қаза тапты. Биыл 2 дерек тіркелген. Жағдайды ушықтырмас үшін бүгін депутаттар ережені қабылдады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Енді электросамокат мінгендер үшін арнайы ереже бар. Мынадай жаяу жүргіншілердің жолымен көп дегенде сағатына 6 км жылдамдықпен жүреді. Ал бағдаршамдардан жаяу, самокатын итеріп өтуі тиіс. Веложолақтармен және аатомобиль жолдарының оң жақ шетімен сағатына 25 км жылдамдықпен жүруге болады. Алайда жолға шығу үшін мынадай талаптар болуы шарт. Самокат тізгініндегі адам 18-ге толған болуы керек. Оның кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және басында арнайы каскасы болуы міндет. Былайша айтқанда, самокаттар заң бойынша жол қозғалысына қатысушы көлік болып есептеледі. Самокатпен тек 1 адам жүреді. Ауыр жүк тасуға тыйым салынады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03