Жазушылар одағының төрағасы қандай болуы керек?
Ертең Алматыда Жазушылар одағының құрылтайы өтеді. Қазір дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Жиында одаққа мүше 800-ге жуық ақын-жазушы өз араларынан төрағаларын сайламақ.
Шығармашылық ұжымға кім басшы болуы керек? Бұл лауазымға қандай адам лайықты? Қоғамда көптен бері қызу талқыланып жатқан сауалдар - осы. «Жазушылар одағының төрағасы қандай болуы керек?» деген сұрақты әдебиет өкілдеріне біз де қойған едік.
Смағұл Елубаев, жазушы, Жазушылар одағының мүшесі:
Қазақстан Жазушылар одағына келген басшы ең біріншіден мемлекетшіл, халықшыл, тек 800 жазушының жағдайын ғана ойлап қоймай, 20 миллион қазақстандықтың жағдайын ойлайтын тұлға болуы керек деп білеміз.
Қуат Қайранбаев, ақын, Жазушылар одағының мүшесі:
Жазушылар одағының төрағасы ең алдымен халық сыйлаған, танылған, шығармашылығы жұртқа белгілі жазушы я ақын болуы керек ең алдымен, себебі ол өзінің шығармашылық әлеуеті төмен болса ол жазушыларды, ақындарды басқара алмайды.
Өмірзақ Мұқай, аудармашы, Жазушылар одағының мүшесі:
Бірінші, одақтың төрағасы осы мынау рушылдықтан, жүзшілдіктен, қаржылық жағдайдан гөрі шығармашылықты жоғары қою керек. Біз сонда ғана жазушылар одағының мәртебесін бұрынғы деңгейіне жеткізе аламыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза көмір» технологияларына көшу жұмысы жеделдей түседі
19.12.2025, 20:59
Отандық тарихтың Қазақ хандығына арналған төртінші томы бекітілді
19.12.2025, 20:58
Цифрландыру - 2025 жылдың басты жетістігі
19.12.2025, 20:57
Сарапшы: Жасанды интеллект дәуірінде медианың этикасы қалыптасуы керек
19.12.2025, 20:56
Астанада жаңажылдық шыршалардың шамы жағылды
19.12.2025, 20:50
Биыл елімізде 2,8 млн ағаш отырғызылды
19.12.2025, 20:48
Ақтөбеде «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» форумы өтті
19.12.2025, 20:45
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13