Елімізде бизнесті қолдау күшейеді
Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнеске берілетін несие 4 трлн теңгеден 6,3 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов айтты. Сенатта экономиканың нақты секторына несие бөлу жайы пысықталды. Бүгінде банктер бизнеске қарызды жоғары пайызбен ұсынады әрі кепілдік талап етеді. Бұл шағын кәсіпке кедергі. Осыған байланысты министрлік сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсынған. Оның уақытын 5 жылдан 7 жылға ұзарту жоспарланып отыр. Жақсылықовтың айтуынша, несие бойынша нарықтағы орташа мөлшерлеме 19,5 пайыз.
Тимур Жақсылықов, ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары:
Кепілмен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ішінара кепілдік беру тетігі іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік қолдау шараларымен 2,3 трлн теңге несие берілді. Бұл шағын және бизнес портфелінің 40 пайызы. 2019 жылдан бері жобалар саны 9 есеге, ал төленген субсидиялар сомасы 5 есеге өсті.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15