Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады
Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады. Қаржы ұйымы төрағасының мәліметінше, өткен жылы экономиканы долларлау көрсеткіші 31,6 пайызға азайған. Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға кредит бөлу көлемі 23 пайызға артып, 23 триллион теңгеге дейін жетті. Жалпы экономикаға бөлінген кредит былтыр 22 пайызға артқан. Халықаралық резервтер де біршама өскен, 91 миллиард долларға жетті. 2014 жылдан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы активтер кірісінің жылдық мөлшері 9,33 пайыз болды, - деді Ғалымжан Пірматов. Президент мемлекеттік органдарға анағұрлым үйлесімді әрі тиімді жұмыс жүргізу қажет екенін айтты. Талқылау қорытындысы бойынша жылдық есепті мақұлдады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03