Ақтөбеде 236 ағаш заңсыз кесілген
Ақтөбеде 236 ағаш заңсыз кесілген. Бұл факті прокурорлық тексеріс нәтижесінде анықталды.
Орман алқабына санитарлық жұмыстар жүргізетін мекеме өкілдері қураған ағаштарды кесуі тиіс болған. Алайда олар жасыл желекті отаған. Сондай-ақ алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізбеген. Салдарынан табиғатқа келген шығын көлемі 15 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауаптылардың кінәсі дәлелденсе 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуі немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылуы, тіпті 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Земфира Кирбасова, қалалық прокуратураның аға прокуроры:
Заң талаптарына сәйкес ұйымның міндеттеріне алдын ала бөлу, алдын ала потологиялық тексеру жүргізу көрсетілген.Алайда ұйымның бұл талаптары орындалмаған. Бұл дерек Ақтөбе қаласы прокуратурасында тіркеліп, ҚК 362 бабы,1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15