Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық 31 млрд доллардан асты
Сонымен Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Былтыр екі ел арасындағы алыс-беріс 31 млрд доллардан асты. Қазақстанның шығыстағы көршіге экспорты үштен бірге өскен. Ал Қытайдан келетін импорт бір жылда 33,5 пайызға көбейді. Қазақстан Қытайға негізінен мұнай, мыс, табиғи газ, уран мен күнбағыс майын және тағы да басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалап жатыр. Ал Қытайдан телефон, жеңіл автокөлік, жел генераторы мен киім-кешек келеді. Бұдан бөлек Қытай – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Соңғы 15 жылда экономикаға 22 млрд доллар құйды. Былтырдың өзінде 1,4 млрд доллар тартылды. Біздің елде қытайлық және бірлескен 4 мыңнан аса компания жұмыс істеп жатыр.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15