Алматыда қызыққа толы «Музей түні» өтіп жатыр
Бүгін – Халықаралық музей күні. Осыған орай әлемнің 150-ден аса мемлекетінің мұражайларында ашық есік күні өтеді. Елімізде мәдени мекемелерде де жыл сайын дәстүрлі акция ұйымдастырылады. Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде құнды жәдігерлер қойылған бірнеше ерекше көрме ашылды.
Қуан Нұрақын, тілші:
Бұл ауқымды мәдени шараны алматылықтар жыл сайын асыға күтеді. Сағат алтыдан бері музейге ағылған жұрттың саны көп. Музейде бірнеше көрме ұйымдастырылған. Атап айтсақ, үш діннің бірегей жазбалары Құран, Тәурат, Інжіл сияқты кітаптардың ертеректе жарық көрген тұпнұсқалары қойылған. Сондай-ақ келушілер қару-жарақ коллекциясымен де таныса алады. Арасында археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған найза, жебенің ұштары, қанжар мен пышақтың түр-түрі бар. Көрмені тамашалаушылар әнмен көмкеріліп, жаңа адамдармен танысып, көңіл көтеретін мұндай шара ерекше есте қалатынын айтады. Біз қонақтардың пікірін білген едік. Музей түні шарасы аясында дәстүрлі қолөнерді насихаттап жүрген шеберлер де қатысып жатыр. Олар келушілерге әрбір заттың қалай жасалатынын көрсетіп, шеберлік сабағын өткізуде. Сондай-ақ аңшылар шеру ұйымдастырып, саятшылық кәсіп көпшілікке таныстырылды. Айта кетейін, музей есігі түнгі 12-ге дейін ашық болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана» ХҚО соты және ХТО жылды қорытындылады
19.12.2025, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
19.12.2025, 20:12
«Наурыз» және «Наурыз жұмыскер»: 205,7 млрд теңге ипотекаға бағытталды
19.12.2025, 20:11
Бес бала мен анасы газдан уланған үйде қауіпсіздік талаптары сақталмаған
19.12.2025, 20:10
Сынып ішіне камера қоюдың қажеті жоқ
19.12.2025, 20:09
ЛГБТ насихатына қарсы петицияға 50 мыңнан астам адам дауыс берді
19.12.2025, 20:07
Балаларды әлеуметтік желіден шектеу: Халық пікірі қандай?
19.12.2025, 20:04
Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға онлайн-платформаларға тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін
19.12.2025, 20:03