Аргентинада несие келісіміне қарсы шеру өтті
Аргентина астанасы көшелеріне шыққан халық үкіметтің Халықаралық валюта қорымен жасаған несие келісіміне қарсы шерулетті. Наразылық акциясына жұмысшылар қатысқан. Олар халықаралық органның ел ішіндегі саяси істерге араласуына алаңдаулы. 44 миллиард доллар болатын несие келісімінде: Пайыздық мөлшерлемелерді өсіру, валюта нарықтарына орталық банктің көбірек араласуы тәрізді бірқатар шаралар жарияланған. Айта кетсек, ел экономикасы қиын кезеңді бастан кешіріп жатыр. Сәуірде инфляция деңгейі 109 пайызға жетті. «Бұл жағдай елді 30 жыл бұрын болған гиперинфляцияға қайта ұрындыруы мүмкін», - дейді сарапшылар.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14