Маңғыстауда балықшылар итбалықтың жаппай қырылуына алаңдаулы
Маңғыстаудағы Түпқараған ауданының балықшылары итбалықтардың жаппай қырылу себебін жедел анықтауды талап етті.
Себебі жыл басынан бері теңіз жағасынан жалпы 200-ге жуық итбалық пен 50-дей бекіре балығының өлексесі табылған. Алайда осы оқиғалар бойынша әлі күнге дейін сараптамалардың қорытындысы шықпаған. Ал ресми тіркелмегені қаншама?! Балықшылар жағажайдан өлі теңіз жануарларын апта сайын көретіндерін айтады. Айта кетейін, соңғы рет Түпқараған ауданы Баутино ауылы аумағынан 15 итбалық пен 4 бекіре тұқымдас балықтың өлексесі табылған болатын.
Руслан Жапанов, Түпқараған ауданының тұрғыны:
Теңізіміздің таза емес екендігінен құсымыз да, түлендер де өліп жатыр деп есептейміз. Құзыретті органдар, прокуратураға да ескертілді. Бізге нақты қорытынды, шешім керек.
Нұрлыбек Ғайсин, «Жайық-Каспий» өңіраралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:
Биыл да итбалықтың өлуі азаймай тұр. Бұдан басқа бекіре тұқымдас балықтардың да бірен-сараны шығып жатыр. Құс та шығып жатыр. Басым бөлігі пневмониядан өлген деп айтылуда. Әрі қарай да бүгінде шығып жатқан түлендерді зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Отандық электровоздарға сұраныс күшейді
16.09.2026, 20:23
Былтыр сыртқы сауда айналымы $144,7 млрд болды
16.09.2026, 20:22
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Ауыл мектептеріне ЖИ енгізіле бастады
16.09.2026, 20:18