Астанада кітапханашылар фестивалі өтті
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Елордада кітапханашылардың Open Air фестивалі өтті. Оған қазақстанның барлық өңірінен 400 ге жуық кітапханашы шақыртылған. Оларға жаңа форматта дәрістер оқылып, тәжірибе алмасу алаңдары жұмыс істеді. Шараға қатысқан әріптесім Оңғар Алпысбайұлы толықтырып айтсын.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Кітап адамзат мәдениетінің ең ұлы туындыларының бірі. Бар білім мен ғылым осы парақтарға жасырылған. Сондықтан да бүгінгі фестивалға «Мәдениет, кітап, білім, тіл» деп ат қойылған. Алдымен өңір-өңірден жиналған сала мамандарына құрмет көрсетіліп, қызыл кілеммен жүріп өту рәсімі болды. Кейін, саланың дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен ұжымдар мақтау қағаздарымен марапатталып, 5 маманға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Шара аясында «Кітап оқу – жетістік трамплині» атты NetWorking ұйымдастырылды. Оған жазушылар, журналистер, редакторлар мен кинорежиссерлер қатысады. «BOOKS-TOP» кітапхана мен баспалардың көрме-жәрмеңкесі, антикварлық, қолтаңбалар және жаңа кітаптар көрмесі, Art-шеберлік сағаттары, балалар павильонында түрлі кездесулер, қойылымдар өтеді. Сондай-ақ түрлі баспалар сан тақырыпты қамтитын кітаптар жәрмеңкесін де ұйымдастырған.
Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
Қазір, міне, депутаттармен бірлесіп, заң жобасын пысықтап біз жалпы мәдениет өнер саласының қызметкерлерін бір деңгей көтереміз деген ниетіміз бар еді. Міне, енді бүгін қызық форматта біздің министрлікке қатысты 4 мыңға жуық кітапханамыз бар. Оның ішінде 10 мыңға жуық адам қызмет етеді. Олардың жұмысына алғыс айтып жаңа форматта жұмысты жалғастырамыз деген ниетпен қабылданып жатқан шаралар деп түсінуге болады.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Шара барысында жазушы-баспагерлер ұлттық құндылықтарды арттырудың заманауи тәсілдерін талқыға салады. Тәжірибелі тренерлер кітапханалық медиа жобалар, медиасауаттылық, мобилография және SMM-технологиялары, тіпті TikTok контенттерін әзірлеу сынды өзекті тақырыптарды қозғады. Сала дамуына қатысты маңызды мәселелер «QUIZ» интеллектуалдық алаңында жалғасады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15
Түркияда әлеуметтік желіге тіркелу үшін жеке куәліктің нөмірін енгізу керек
06.04.2026, 20:13
Axios: АҚШ пен Иранға атысты тоқтату жоспары ұсынылды
06.04.2026, 20:12
Мобильді аударымдар: 15 сәуірге дейін салық органдарына жолданады
06.04.2026, 20:04
Президент Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады
06.04.2026, 20:01
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22