Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болған
Қазақстанда екі күнде 75 жол-көлік оқиғасы болып, 27 адам қаза тапты. Осыны дәйек еткен Ішкі істер министрлігі көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырады. Министрліктің дерегінше, апаттардың дені Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Көбінесе қала сыртындағы жолдарда түнгі уақытта болған. Күн жылынғалы көлік саны артып кетті. Ал жүргізушілер жол ережесін сақтамайды. Рөлде ұйықтап кету дерегі де аз емес. Мамандар жеке тасымалдаумен айналасатын таксилерге отырғанда да, абай болуға шақырады.
Қайсар Сұлтанбаев, ҚР ІІМ ӘПК төрағасы:
Өкінішке қарай, жеке тасымалдаумен айналасуға құқығы жоқ такси жүргізушілері көбеюде. Жолда тексеру кезінде жүргізушілер мұндай жағдайларды жасырып, жолаушыларды туыстарым деп айтады. Ең өкініштісі ол жүргізушілерді жолаушылардың өздері де қолдайды. Арзан жол жүру ақысына қызығып, өмірі мен денсаулығын ешкім ойламайды. Жүргізушілердің назарына! Жолға шығар алдында сіз өзіңіз үшін ғана емес, жолауышылардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53