Елімізде биыл мол астық жинауға мүмкіндік бар
Биыл мол астық жинауға мүмкіндік бар. Егіс алқаптарында ылғалды сақтау бойынша жұмыстар уақытында жасалды. Сенатта ауыл шаруашылығы министрі осылай деді. Қарашөкеевтің сөзінше, жем-шөп тапшылығы да болмайды. Арнайы жол картасы әзірленген. 2021 жылы батыс өңірлерінде болған құрғақшылық биыл қайталанбайды, мал шаруашылығы өседі деп жоспарланып отыр. Ал суды үнемдеу мақсатында мақта алқабы 15 мың гектарға қысқарған. Оның орнына жаңа дақылдар егілмек. Қазір ел бойынша, 26 млн гектардан аса егістік жер бар. Соның 13 пайызында ғана тамшылатып суару әдісі қолданылады. Осы бағытты дамыту үшін Қазақстанға әлемдегі көшбасшы компаниялар тартылмақ.
Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
VODAR компаниясы ол Қытайда көшбасшы. Қытайда ең көп шығаратын зауыт. Ол биылғы жылдың аяғына дейін зауытты іске қосып, жаңағы жаңбырлатып суаратын машиналарды шығаруды бастайды. Ал AFKO компанияны алсақ ол да белгілі. Әлемге әйгілі машиналарды өндіруші. Ол Атырау облысында осы зауытты соғады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15