Моңғолияда үкіметаралық комиссия отырысы өтті
Астана мен Ұлан-Батыр арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін. «Ұлан-Батыр-Ховд-Өскемен» бағытында әуе және көлік қатынасын іске қосу да қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссияның тоғызыншы отырысында айтылды. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ірі жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Моңғолияның қаржы министрі Қазақстанмен мал және егін шаруашылығында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін айтты. Сондай-ақ Моңғолия президенті қазақстандық делегацияны қабылдады.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қазақстан достас әрі бауырлас Моңғолиямен тығыз көпсалалы байланысты дамытуға мүдделі және бұған ерекше мән береді. 2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өттік. Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойғанына да 30 жыл толып отыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14