Еліміздегі өндіріс 46 млрд долларға артуы мүмкін
Еліміздегі компаниялардың өңдеу өнеркәсібіндегі өндірісті 46 млрд долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Премьер-Министр Әлихан Смайылов орта бизнес өкілдерімен кездесіп, саладағы проблемалық мәселелер мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Макроөңір нарығына қосымша жалпы құны шамамен 300 млрд доллар болатын өнім жеткізуге әлеуетіміз бар. Ал Әлихан Смайылов Үкімет орта бизнестің жаңа өндірістерді құру және кеңейту жөніндегі бастамаларын белсенді түрде қолдайтынын атап өтті. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер үшін кедергіні жойып, істі одан әрі дамыту жолдарын айтты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Қазіргі таңда кәсіпкерлерге қойылатын 10 мыңға жуық артық талаптар анықталып, заңнамадан алып тастау жұмысы жүргізіліп жатыр. Мемлекттік бақылау жүйесін автоматтандыру жүргізілуде, жаңа модель енгізілді. Мұның бәрі елдегі инвестициялық ахуалға оң әсерін береді.
Ерсайын Жақсылықов, «Гормолзавод» ЖШС директоры:
Бизнес өкілдерін тыңдап, осындай кездесу ұйымдастырылғаны жақсы болды. Осындай қолдаудың арқасында біз өндірісті арттырып, бұдан да сапалы өнімді халыққа ұсына аламыз. Ең бастысы импортқа тәуелділіктен арыламыз.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44