Елімізде алғаш ұйымдастырылған ультрамарафон мәресіне жетті
Елімізде алғаш ұйымдастырылған ультрамарафон мәресіне жетті. Астанадан шыққан 5 желаяқ 1 айда Ақтау қаласына табан тіреді. Олар 100-ден аса елді-мекеннің үстінен жаяу жүгіріп, 7 жарым мың шақырымды еңсерген. Осылайша үлкен қашықтыққа жүгіргендер ретінде Қазақстанның КИНЭС рекордтар кітабына енді. 33 пен 55 жас аралығындағы команда мүшелері жүгіруді одан әрі жалғастырады. Желаяқтар ары қарай Мекке қаласына бет алмақ.
Медғат Теміржан, ультрамарафонға қатысушы:
Қазақстан жер көлемі бойынша 9 орынды алатын, ұшса құстың қанаты талатын осыншама шақырымды 1 айда жүгіріп өту ерлік деп ойлаймын. Қазақтың жігіттері осындай мықты екенін, жүгіре алатынын, ултрамарафоншы елімізде де бар екенін дәлелдеп, соны насихаттау мақсатында, осы діттеген жерімізге аяғымызға қарамай жеттік.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15