Алматы облысында көгілдір отын үшін қымбат тариф төленуде
«Алматы облысы Қарасай ауданындағы мыңдаған тұрғын көгілдір отын үшін ең қымбат тариф төлеп отыр. Мұндағы ондаған елдімекенді газбен қамтып отырған компания бағаны қолдан өсіріп отыр», - дейді депутат Мақсат Толықбай. «Себебі ауданның тұрғындары бір текше метр үшін 34,75 теңге төлесе, көрші ауылға 26-27 теңгеден есептеледі. Күмәнді компанияға 3 ай бұрын арнайы тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық анықталып, 2 млн теңгеге айыппұл салынған. Әрі шекті бағаны 28 теңгеге дейін төмендету жүктелген. Алайда кәсіпорын бұл міндеттерді орындамады», - дейді депутат Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында.
Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. «AMANAT» фракциясының мүшесі:
Сондай-ақ артық төлемді тұтынушыларға қайтару туралы шешім шығарған болатын. Алайда Сигмагаз бұл шешімді пысқырып отырған жоқ. Бұл компанияның артында соншалықты кім тұр? Не жергілікті прокуратура, не әкімдік, не антимонополияның бұйрықты орындатуға шамасы келмейді. Тіпті мыңдаған халық шулап жатыр. Солардың алдына шығып жауап беретін бірде-бір жауапты адам таппай келдік.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03