Елордада балалар шеруі өтті
Балалардың да өз құқықтары, міндеттері, пікірлері бар. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы осыны көрсету үшін шеру-перформанс өткізді. Шараға қатысушылар балалар тақырыбына арналған түрлі проблемаларды көтерді.
Дархан Рақымжан, тілші:
Балалар - қоғамның толыққанды мүшесі. Осындай ұрандарды жалау еткен шеруге қатысушылар «Нұржол» бульварымен жүріп өтіп, «Бәйтерек» монументіне дейін бармақ. Шерудің басты мақсаты – балалардың құқықтары, міндеттері, пікірлері бар екенін көрсету. Жұртшылықтың назарын балаларды толғандыратын өзекті мәселелер мен проблемаларға аудару. Осы іс-шара арқылы балалар өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетпек.
Динара Сәдуақасова, Республикалық «Жас ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы:
Бұл балалардың өздерінің идеясы. «Жас ұлан» ұйымы жеті бағыт бойынша жұмыс істейді. Сол жеті бағыт бойынша лозунгты таңдап, плакатқа түсіріп, перфоманс жасағалы жатырмыз.
Дархан Рақымжан, тілші:
Бұл менің қоқысым емес, бірақ бұл менің әлемім. Осындай экологиялық тақырыптар да көтерілген екен. Диас, айтшы қандай тақырыптар қазір балаларды алаңдатады?
Диас Жұмаділда, №89 мектеп-лицейінің оқушысы:
Қазіргі таңда көптеген мәселелер бар. Соның бірі- қоқыс тақырыбы. Біздің волонтерлар осы тақырыпта түрлі жобалар жасап жатыр. Мақсатымыз - жерімізді қоқыс тастамай, аялауға бағытталған.
Балалар шараны квест ойынымен жалғастырды. Шараға қатысушылар «көпшілік назарын аударды» деген ойдамыз.
Дархан Рақымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06