Түркияда өткен Президенттік сайлаудың екінші турының ресми қорытындысы жарияланды
Кеше Түркияда өткен Президенттік сайлаудың екінші турының ресми қорытындысы жарияланды. Оған сай Режеп Тайып Ердоған 52,18, ал оның қарсыласы Кемал Кылычтароғлы 47,82 пайыз дауыс жинаған. Сайлаудың екінші кезеңінде 54 млн 23 мыңнан астам адам дауыс берді. Оның 1 млн 930 мыңдайы шетелдерде тұратын Түркия азаматтары. Елдегі жоғарғы сайлау комиссиясының мәліметінше сайлау халықаралық талаптарға сай өткен.
Ахмет Йенер, Түркия Жоғарғы сайлау комиссиясының төрағасы:
Президенттік сайлауда дауыс беру аяқталғаннан бастап, 3 күн ішінде тараптардың барлық арыз-шағымдарды қарастырылды. Оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Түркиядағы Президенттік сайлаудың екінші турына дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 84,15 пайызы қатысқан. Сайлау комиссиясының шешімімен көп дауыс жинаған Режеп Тайып Ердоған Түркияның Президенті болып сайланғанын ресми түрде растаймын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05