Ауыл шаруашылығы министрі: Астық түсімі шамамен 16 млн тонна болады
Биыл егін бітік шығады. Астық түсімі шамамен 16 млн тонна болады. Бүгін үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деді.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Жалпы 2022 жылғы шығым жыл сайынғы орташа нормадан жоғары болған. Қазгидрометтің жаз айларына жасаған болжамы да жаман емес. Маусым айында барлық өңірге ылғал қажетті деңгейде түседі. «Шілде тамыз айларында батыс және оңтүстік өңірлерде жауын шашын сәл аз болғанымен бұл елдегі астық шығымына қатты әсер етпейді», - деді ол. Дегенмер нақты болжамды өскін шыққан уақытта жасаймыз деді Ербол Қарашөкеев. Дәл қазір Ұлытау облысында егіс жұмыстары әлі аяқтадмаған. Диқандарға жакын шпшыш бөгет болыпты. Алқаптағы жұмыс апта соңына дейін аяқталады. Ал энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шаруаларға жеңілдікпен берілген дизель отыны туралы ақпарат берді. Оларға биыл 419 мың тонна жанармай бөлінген екен. Былтыр 400 мың еді. Мұнай өңдеу зауытынан шыққан кезде отынның бір литрі 184 теңге тұрса шаруаға жеткенше тасымалдау құны қосылып 204 теңгеден сатылған. Бұл нарықтық бағадан 31 пайызға арзан деді министр. Және ай сайын қажетті мөлшерде бөлініп тұрған.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ж. Сүлейменов: Деструктивті ағымдар жаңа әдістерді қолдануға көшті
30.07.2026, 20:47
Колледждерде сұранысқа сай мамандар даярлау күшейтіледі
30.07.2026, 20:09
АҚШ Иранға қайта соққы берді
30.07.2026, 20:09
«Болашақ ойындары»: Фиджитал-баскетбол жарысы өтіп жатыр
30.07.2026, 20:08
Аида Балаева халықаралық музыкалық байқаулардың жүлдегерлерін құттықтады
30.07.2026, 20:05
Енді салалық дәрігерге қаралу үшін терапевт жолдамасы қажет емес
30.07.2026, 20:05
Жыл басынан бері 4500 самокат жүргізушісіне айыппұл салынды
30.07.2026, 20:04
БҚО-да Құрылтай сайлауы кезінде мүгедектігі бар жандарға 55 инватакси қызмет етеді
30.07.2026, 20:03