Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар 8 медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 19 жастағы қазақстандық спортшы Ақбаян Нұрмамет 3000 метрге жүгіруде күміс медаль жеңіп алды. Аталған аралықты 10 минут 35 секундта бағындырды. Жерлесіміз кешегі жарыс күнінде 800 метрге жүгіруде де екінші орын иеленген еді. Сонымен бірге, 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде тағы бір қазақстандық Анастасия Колода үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте Қазақстан 9-орында. Қоржында 8 медаль бар, оның үшеуі күміс, бесеуі қола. Жарыс ертең аяқталады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03