Қостанайда субұрқақтар жұмыс істемей тұр
Қостанайдағы 24 субұрқақтың бірде-бірі іске қосылмаған. Барлығы қаңсып тұр. Алтауына жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал өзгелерін іске қосуға жауапты мекемелер енді кіріспек. Коммуналдық сала мамандарының айтуынша бұрқақтарды жөндеп, күтіп баптауға мамыр айында тендер жарияланған. Алайда оған қызығушылық танытып, қатысушылар болмапты. Қазір бірнеше кәсіпорынмен келісім-шарт жасалды. Биыл субұрқақтарды күтіп баптауға 25 млн теңге, ал жөндеп, қайта жаңартуға 280 млн теңге бөлінген.
Станислав Лобанский, қалалық ТКШ бөлімінің Бас маманы:
Субұрқақтарға жасалған сараптама олардың талапқа сай келмейтіндігін анықтады. Көбінің электр қозғалтқыштары мен электр желілерінде ақау бар. Сыртқы қаптамалары да тозған. 15 жыл бойы бұл бұрқақтарға жөндеу жүргізілмеген. Сондықтан биыл олардың бірқатарын жаңартуға шешім қабылданды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15