Президент ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссармен кездесті
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссар Януш Войчеховскиймен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастығының стратегиялық сипатына назар аударды. Әңгіме барысында Президент елдегі реформалар мен демократияны дамытуға және адам құқықтарын қорғауға септігін тигізетін өзерістер туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Жақында Қырғызстанда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» жаңа форматында кездесу өткіздік. Бұған дейін Астанада бірінші кездесу болған. Сондықтан тығыз қарым-қатынас жасау жөніндегі ниетіміз бен ұмтылысымызды көрсету үшін жоғары деңгейдегі осындай кездесулерді өткізіп тұру керек. Биыл жыл басында Еуропалық Одақпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанымызға 30 жыл толды. Еуропалық Одақпен өзара байланысымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар.
Януш Войчеховский, Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі еурокомиссар:
Сізді Астана халықаралық форумын табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Сіздің сөйлеген сөзіңізді айрықша ықыласпен тыңдадым. Дұрыс айтасыз, бізге сын-қатерлерді анықтап, түйткілдерді шешу үшін ортақ диалог қажет. Жаһандық деңгейдегі қазіргі күрделі мәселенің бірі – азық-түлік қауіпсіздігі.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03