Абай облысы: Өрт аумағы 17 мың гектарға азайды
Абай облысында жағдай тұрақты. Алайда күн ысып, жел тұрса, жағдай қиындап кетуі мүмкін. Жаңадан тайындалған Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов осыны айтты. Оның сөзінше, 60 мың гектар аумаққа жайылған өрттің аумағы қазір біршама азайған. Бүгінде өрт аумағы 43 мың гектарды құрайды.
Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Болжамдар бар. Оған сәйкес, жақын күндері біз өртті оқшаулап, сөндіруіміз керек. Басқа өңірлерден жіберілген арнайы техниканың барлығы осы жерде. Барлығы да өртті сөндіруге жұмылдырылған. Қою түтін басқан екі ауылдың тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Олар әзірге үйлеріне қайтарылмайды.
Министрдің сөзінше, шарпыған отты оқшаулау үшін 1,5 мыңға жуық жеке құрам жұмылдырылған. Оның ішінде өрт сөндірушілер мен орманды қорғау қызметкерлерінен бөлек, Қорғаныс министрлігі және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері де бар. Сондай-ақ 300-ге жуық техника мен 12 тікұшақ жұмыс істеп тұр.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03