Абай облысы: Эвакуацияланған түлектер ҰБТ-ны Семейде тапсырады
Осы Абай облысында эвакуацияланған түлектер мектеп бітіру емтиханын облыс орталығы - Семейде тапсырады. Жалпы өрт аймағына жақын орналасқан елдімекендерден 64 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Олар қазір отбасымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған. Министрдің сөзінше, балалар білім сынағын кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалады. Сонымен қатар, еліміздің Бас ұстазы апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасының балалары жаңа оқу жылында мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатынын жеткізді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03