БҚО тұрғындарына ыстық күндері орманға баруға тыйым салынды
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарына ыстық және желді күндері орманға баруға тыйым салынды. Бұл туралы облыс әкімдігінің тиісті қаулысы шықты. Арнайы техникалар болмаса, таңғы сағат 10-нан кешкі 9-ға дейін орман-тоғай маңында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Өйткені аймақта өрт қаупі жоғары болып тұр. Жыл басынан бері орманда екі өрт оқиғасы тіркеліп, 219 гектар жер отқа оранды.
Қайрат Есенғалиев, «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ директоры:
Орман өрті қауіпсіздігі V категория болған кезде орманға кіруге шектеу қойылады. Ауа температурасы 30 градустан жоғары көтерілгенде, желдің жылдамдығы 15 м/секундқа дейін ұлғайғанда өртті сөндіру өте қиын және оның зардабы өте үлкен.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06