Ақтөбеде ағзасын алмастырғандар арасындағы жарыс өтті
Жүрегін алмастырса да, жігері мұқалмаған жандар! Ақтөбеде ағза трансплантациясын жасатқан және диализ еміне жүгінетін пациенттер арасында республикалық жарыс өтіп жатыр.
Сайысқа елдің түкпір-түкпірінен 90-ға жуық адам келді. Көбі бүйрегі мен жүрегін алмастырған. Олар спортпен айналысу арқылы өздерін 100 пайыз сау адам сезінетінін айтады. Жарыс спорттың төрт түрі бойынша өтеді. Бүгін қатысушылар 50 метрге жүзуден сынға түсті. Алдағы күндері волейбол, дартс және үстел теннисі бойынша мықтылар анықталады. Ал жеңімпаздар халықаралық сайыстарға жолдама алады.
Сәуле Ермекбай, жарысқа қатысушы:
Бимен айналыстым, бірақ денсаулыққа байланысты тоқтатқан болатынбыз. Айналысуға болмайды, физикалық күш түсіруге болмайды деген. Қазір дәрігер рұқсат берді, бақылауда боламыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15