Елімізде «Масс-медиа» туралы жаңа заң әзірленді
Елімізде «Масс-медиа» туралы жаңа заң әзірленді. Ондағы жаңашылдықтар туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов айтып берді. Оның айтуынша, заң жобасында бірнеше бағыт қамтылған. Жобада БАҚ өкілдерінің мәртебесі журналистердің құқын қорғау сынды мәселелер қаралған.
Сондай-ақ вице-министр өңірлік баспасөз құралдарының бүгінгі жағдайына тоқталды. Жаңа заң жобасында өңірлік БАҚ құралдарына арналған грант қарастырылған. Ол қайтарымсыз әрі қаржы түрінде беріледі. Мақсат – өңірлік баспасөз құралдарын дамыту. Сонымен қатар бүгінде Ұлттық экономика министрлігімен бірге БАҚ үшін қосылған құн салығын алып тастау жағын қарастырылып жатыр.
Ал журналистердің жұмысын жеделдету үшін мемлекеттік мекемелердің жылдам жауап беруіне ықпал жасалмақ.
Қанат Ысқақов, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:
БАҚ өкілдері жолдайтын сауалдардың қаралу уақыты. Нақты айтқанда, 7 жұмыс күнінен 5 күнге дейін қысқарту. Бұл өзгеріс тілшілердің қысқа мерзім ішінде ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Серік Селеубайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06