Мәжіліс депутаттары құқық қорғау саласына енгізілген жаңа технологиямен танысты
Жол ережесін бұзған, Жылдамдығын асырған жүргізушіні «Қорғау» жүйесі анықтайды. Бағдарлама жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің жақындағаны туралы сигнал береді. Құқық қорғау саласына енгізілген осындай цифрлық технологиялармен Парламент Мәжілісінің депутаттары танысты. Оның ішінде «Еркін патруль» жылжымалы кешені, «Digital Crim Lab» пилоттық жобасы бар. Полицейлер бейнекамералар көмегімен жыл басынан бері 4314 қылмыс, 230 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған.
Сондай-ақ депутаттар министрге сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бүгін менің көзім жетіп тұрған нәрсе — полиция қызметкерлерінің материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, бұл бір. Екіншіден, шешім қабылдауда жедел іс-қимылға көшуге мүмкіндік беретін техникалар мен жаңа шешімдердің пайда болуы қуантады. Мемлекетімізді дамытамыз десек, мемлекеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз десек, оның жалғыз ғана жолы бар, ол — полицияны күшейту. Күшейту деген техникалық тұрғыда басқалай, заңдық тұрғыда күшейту бар, осындай жағдай жасау керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06