Жайылым мәселесіне қатысты ауыл әкімдерінің құзыреті кеңеюі мүмкін
Жайылым мәселесіне қатысты ауыл әкімдерінің құзыреті кеңеюі мүмкін. Мәжіліс бірінші оқылымда заң жобасын мақұлдады. Құжатқа «қоғамдық жайылым» деген ұғым енгізілмек. Оған жергілікті халықтың мал бағатын жерлері жатқызылады және оны өзге мақсатта пайдалануға тиым салынады. Яғни жайылымды егістік немесе басқаға айналдыруға болмайды. Қоғамдық жайылымның аумағын кеңейту мақсатында елдімекен шекарасынан тыс жерлерді ауыл әкімінің қарамағына беру көзделіп отыр. Қазіргі таңда ел ішінде 30 млн гектар жайылым жетпейді. Ал ауыл маңындағы жерлердің 90 пайызы әбден тозған. Сонымен қатар жер беру жұмысына да өзгеріс енгізілмек.
Нұржан Әшімбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
2 млн 200 мың гектар 2 жылдың ішінде жерді конкурссыз берген. Ол енді коррупцияға да жақын мәселе. Сондықтан осы заң жобасында 36 баптың жұмысын тоқтатамыз. Жер конкурссыз тек шабындыққа және бақшаға беріледі.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15