Күн сауалы: Түрлі нысандарға қандай тұлғалардың есімін берген жөн деп санайсыз?
Ұлттық құрылтайда Президент нысандарға тұлғалардың есімін беру мәселесін көтерген еді. Нақтырақ айтсақ, жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет деді. Осы ретте алматылық зиялы қауым өкілдерінен «Түрлі нысандарға қандай тұлғалардың есімін берген жөн» деп санайсыз? деп сұраған едік.
Қасымхан Бегманов, ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты:
Жер-су аттары дегенде біз көп нәрсені қайта қарауымыз керек. Сонда шын мәнінде жаңа Қазақстанның басталғаны халыққа анық сезілер еді. Мәселен, мына Алматыда қаласына қатысты айтайықшы, алашордашыларымыздың көшесі кішкентай-кішкентай, шолақ көшелер, кесіліп қалған көшелерге берілген.
Болат Әбділманов, кино және театр актері:
Әрбір адам өзінің Қазақстанда тұратынын сезінуі керек. Сондықтан да, сол ел үшін, ұлт үшін мемлекеттің мүддесі үшін қызмет еткен отаншыл азаматтардың аты қойылуы дұрыс деп ойлаймын.
Қыздархан Рысберген, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі:
Дүкендер маңдайшалар бар, бизнес орталықтары бар, осылардың аты қалай өрнектеліп жатыр? Назар салсаңыздар, алуан түрлі графикада, латынша да, ағылшынша да, тіпті қытайдың иероглифтері де, кирилл де жүр. Яғни, осындай бей-берекеттік бар. Реттестіру деген осы.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06