Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
Президент Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. Ол мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді. Педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Осылай деген министр Президентке Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын таныстырды. Мемлекет басшысы білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне ұдайы көңіл бөлуді тапсырды.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Педагогтердің айлық жалақысының 30 пайызға көтерілгендігі, бастауыш сынып оқушыларының қыркүйектен бастап ыстық тегін тамақпен қамтылатындығы және коллдедждегі студенттердің шәкіртақысының 50 пайызға көтерілгендігі туралы баяндалды. Мемлекет басшысы білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысына ден қоюды тапсырды.
Серік Селеубай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05