Ауғанстанда әйелдердің мәртебесі қайтарылды
Ауғанстанда әйелдердің құқықтары қайта қалпына келтіріледі. «Талибанның» жоғарғы лидері Хайбатулла Ахундзада осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, «тәліптер режимі ауған әйелдерін қысым көрсетуден босатып, еркін адам мәртебесін қайтарды». Ахундзаданың мәлімдемесі араб, дари, ағылшын, пушту және урду тәрізді бес тілде жарияланған. Тәліптер басшысы онда әйелдердің күштеп хиджаб киюіне қатысты 20 жылдық оккупацияның кері тұстары жойылатынын атап өткен.
Айта кетейік , «Талибан» қозғалысы билікке келгеннен кейін әйелдердің құқықтарын сақтауға уәде берген еді. Алайда қыз-келіншектерге университетте оқуға және білім беруге, спортпен шұғылдануға тыйым салып, үкіметке жұмыс істеуге шақырмай, үйде отыруға мәжбүрлеп келді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03