Заңсыз жүрген 40 гастарбайтер елімізден шығарылды
Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 40 гастарбайтер елден шығарылды. Бұл Алматының көші-қон полициясы жүргізген 3 күндік тексеріс нәтижесінде анықталғандары. Құзырлы орган үш күн ішінде мегаполисте көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегін тіркеген. Оның 281-ін шетел азаматтары жасаған. Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болу заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 отандасымыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Асхат Бутунчинов, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы:
Жұмыс беруші тоғыз отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14