Президент «Қазмұнайгаз» басшысын қабылдады
Атырау облысында жылына 1 млн 250 мың тонна полиэтилен өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Мағзұм Мырзағалиев айтты. Қазмұнайгаз басшысының сөзінше Жаңаөзен қаласында гибридті электр станциясы салынып жатыр. Сонымен қатар компания Павлодар мұнай химиясы зауытында 160 мың тоннаға дейін қысқы дизель отынын өндіруге мүмкіндік беретін жоба іске асады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау жұмыстарын дамыту және перспективті барлау учаскелерін зерттеу үшін ірі инвесторлар тарту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Мағзұм Мырзағалиев, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:
Біз биылдан бастап Қазақстан мұнайына арналған жаңа экспорттық бағытты да дамытып келе жатырмыз. Яғни, сәуір айынан бастап Баку-Тбилиси-Джейханға өз мұнайымызды тасымалдай бастадық. Сонымен қатар жақында ғана Германияға жаңа бағыт ашқан болатынбыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06