Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды
Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімінің аяқталуына 5 күн қалды. Сырттан әкелінген автомобильді тіркеп үлгермегендер үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің өкілі Алтынбек Жамалиев мәлімдеді. Қазір, әсіресе, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында заңдастыру үшін кезекте тұрғандар көп. Министрлік бірінші шілдеге дейін бастысы құжат тапсырып үлгеру қажеттігін айтады. Есепке алу жұмыстары содан кейін жүргізіле береді.
Алтынбек Жамалиев, ҚР ІІМ ӘПК Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Біздің есебіміше, бүгінге дейін Қазақстанда бұрын шетелде есепте тұрған 177 мыңнан астам автокөлік тіркелген, оның 10 мыңға жуығы автоконструкторлар. Шамамен 13 000 автокөлік иесінің өтініші алдын ала мақұлданған. Жақын арада бұл көліктердің 90 пайызы тіркелуі мүмкін.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14