Ұлытау облысында төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін
Ұлытау облысында төртінші мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін. Бұл туралы өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы мәлімдеді. Қазір облыс бюджеті кірісінің 70 пайызы «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі. Яғни экономикасы осы корпорацияға тәуелді. Сондай-ақ өңір бюджеті басқалармен салыстырғанда, ең төмен. 128 млрд теңге ғана, деді аймақ басшысы. Мысалы, бұл Қарағанды облысымен салыстырғанда 4 есе аз. Осыған байланысты өңірді дамытудың кешенді жоспары да, аймақ экономикасын әртарапатандыру да негізгі бағытқа алынған. 2026 жылға дейін жалпы сомасы шамамен 140 млрд теңге болатын 14 инвестициялық жоба пулы жасалған.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:
Қазір Қытайдың City Construction компаниясымен мұнай өңдеу зауытын салу туралы келісім жүргізіп жатырмыз. Бірақ, өкінішке қарай, Энергетика министрлігі бізге өңдейтін мұнайдың жетіспейтіні туралы хабар берді. Инвестор мен Энергетика министрлігінің арасында қазір келіссөз жүріп жатыр.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03