Рыбакина Ұлыбританиядағы WTA 500 турнирінде ойнаудан бас тартты
Александр Бублик әлемнің 26-ракеткасы атанды. Оның Германиядағы жеңісінен кейін рейтингтегі орны бірден 21 сатыға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық теннисші рейтингде 48-орында тұрған болатын. Жерлесіміз кеше аяқталған Германиядағы АТР-500 турнирінде топ жарды. Бублик мансабында алғаш рет осындай жоғары нәтиже тіркеп отыр. Ал, былтыр АТР 250 жарысында жеңімпаз болған еді. Ол финалда ресейлік Андрей Рублевтен үш сетте де басым түсті. Осы жеңісінің арқасында теннисші 500 рейтингтік ұпай мен 477 мың еуроға қол жеткізді.
Әлемнің 3-ракеткасы, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Ұлыбританиядағы WTA 500 турнирінде ойнаудан бас тартты. Ол Ролан Гаррос турнирі кезіндегі сырқатынан толық жазылмады, деді Қазақстан теннис федерациясының өкілдері. Десе де, бір аптадан кейін өтетін Уимблдонға қатысады. Оған дейін Еленаның жағдайы қалыпқа келіп қалады, деп отыр.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14